Projects_Tournaments_CodeGirls.pageImageAlt

CPFED CodeGirls чемпионаты

CPFED CodeGirls — қыздарға арналған спорттық бағдарламалаудан жарыс.

Чемпионат туралы

Демографиялық және гендерлік әртүрлілікті дамыту Федерацияның басты мақсаттарының бірі болып табылады. Сондай-ақ, қыздарға арналған Еуропалық олимпиадаға және басқа да олимпиадаларға қатысу үшін біз қыздар арасында Қазақстан құрамасын дайындау мен сапалы іріктеу өткізуді мақсат етіп қоямыз. Мақсатымызға жету үшін біз қыздарға арналған Чемпионат өткіземіз, оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген оқушылар қатыса алады.

Чемпионаттың негізгі мақсаттары: 1) IT саласындағы гендерлік теңдікті қолдау. 2) Олимпиадалық информатика бойынша Қазақстан құрамасын сапалы түрде даярлау және іріктеу. 3) Қыздарға IT саласындағы мансаптың мүмкіндіктерінің кең ауқымын көрсету.

Спорттық бағдарламалау федерациясы

Ұйымдастырушылар мен серіктестер
Astana Hub
Freedom Holding Corp.

Қатысу

Ережелері мен формат
Ережелері мен формат

Қыздар арасында спорттық бағдарламалауды дамыта отырып, біз гендерлік стереотиптерді жоюға және барлығына тең мүмкіндіктер беруге ұмтыламыз. Технологиялық қауымдастықтағы әртүрлілік түрлі идеялар мен инновациялардың пайда болуына ықпал етеді.

2024 жылғы чемпионат екі кезеңнен тұрады:

  • Онлайн іріктеу кезеңі — 2024 жылғы 1 маусым
  • Оффлайн қорытынды кезең — 2024 жылғы 14–15 маусым

Іріктеу кезеңінің нәтижелері бойынша үздік нәтиже көрсеткен көп дегенде 40 қатысушы қорытынды кезеңге өтеді. Қорытынды кезеңнің жүлдегерлері дипломдармен марапатталады. Жүлдегерлер саны қорытынды нәтижелер бойынша қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитеті тарапынан анықталады. Чемпионаттың ресми серіктесі — Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі.

Спорттық бағдарламалау федерациясы

Үздік төрт қатысушы Қазақстан құрамасының құрамына еніп, European Girls Olympiad in Informatics (EGOI) жарысында еліміздің атынан өнер көрсетеді. Қазақстан құрамасының EGOI-ға қатысу демеушісі — Freedom Holding Corp. Қыздардың компьютерлік ғылымдарға қатысуы жаңа тәсілдер, шешімдер мен технологиялардың дамуына ықпал етеді. Технологияны меңгеру қыздардың өзіне деген сенімін арттырып, мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Толығырақ жоғарыдағы чемпионат ережелері бөлімінде көрсетілген.