
Мұғалімдер арасындағы республикалық олимпиада «ҮЗДІК IT ҰСТАЗ»
Бұл олимпиада заманауи IT-білім мен цифрлық сауаттылықты насихаттауға арналған жарыс болып табылады.
Олимпиада туралы
Бұл олимпиада заманауи IT-білім мен цифрлық сауаттылықты насихаттауға арналған жарыс болып табылады. Ол информатика мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға көмектеседі. Мұғалімдер жаттықтырушы ретінде жаңа дағдыларды меңгереді. Бұл тәжірибе жеке кәсіби өсу үшін пайдалы және оқушыларды информатика және спорттық бағдарламалау олимпиадаларына дайындауға мүмкіндік береді.
Олимпиаданың мақсаты – информатика мұғалімдерінің олимпиадалық тапсырмалар бойынша білімін тереңдету және жаңа цифрлық контентті меңгеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, мұғалімдердің кәсіби бағдарлану мәселесіне қызығушылығын арттыру.
Спорттық бағдарламалау федерациясы
Олимпиадаға қатысу
Артықшылықтары
Кәсіби даму
Олимпиадаларда күрделі есептерді шешу алгоритмдер мен деректер құрылымдарын терең түсінуді талап етеді, бұл өз кезегінде информатика саласындағы кәсіби біліктілік пен құзыреттілікті арттыруға ықпал етеді.
Қоғамдастық
Үздік тәжірибелер талқыланатын, ресурстармен бөлісетін және информатика мұғалімдері арасындағы өзара әрекеттестікті нығайтуға болатын кәсіби қоғамдастықты қалыптастыруға ықпал ету.
Бедел
Спорттық бағдарламалау бойынша өз олимпиада қатысушыларын дамыту және кәсіби ортадағы беделді арттыру мүмкіндігі.
Мектеп бағдарламаларын қолдау
Олимпиадаларда тапсырмалар шығармашылық ойлауды ынталандыруға және күрделі есептерді шешуге бағытталған, бұл информатика және жалпы бағдарламалау саласындағы білім деңгейін көтеруге көмектеседі.
Мансаптық өсу
Оқушылардың олимпиадаларға қатысуы мұғалімнің кәсіби мәртебесінің артуына әкелуі мүмкін, бұл білім беру саласындағы мансаптық өсу мүмкіндіктеріне әсер ете алады.
Қатысу
Ережелері мен формат

Олимпиада екі іріктеу кезеңінен, бір облыстық кезеңнен және қорытынды кезеңнен тұрады. Облыстық кезең қорытындысы бойынша әр өңірден ТОП-2 қатысушы республикалық қорытынды кезеңге өтеді:
1-ші іріктеу кезеңі
2-ші іріктеу кезеңі
Екінші іріктеу кезеңіне бірінші іріктеу кезеңіндегі нәтижелерге қарамастан барлық тіркелген қатысушылар қатыса алады.
Жылдың қорытынды кезеңінде ең жоғары балл жинаған мұғалімге «ҮЗДІК IT ҰСТАЗ» атағы беріледі. ІІ және ІІІ орын иегерлеріне тиісінше қорытынды кезеңнің жүлдегерлері атағы беріледі.
Олимпиада тапсырмалары информатикадан классикалық олимпиадалық тапсырмалар форматында құрастырылған.
Толығырақ жоғарыдағы ережелерде көрсетілген.