Projects_Tournaments_Setters.pageImageAlt

Тапсырма әзірлеушілерге арналған онлайн байқаулар

Онлайн контест — бұл esep.cpfed.kz платформасында баршаға арналған алгоритмдік бағдарламалау жарысы.

Жоба туралы мәлімет

Онлайн контест — бұл esep.cpfed.kz платформасында баршаға арналған алгоритмдік бағдарламалау жарысы (ескерту: codeforces.com сайтындағы раундтарға ұқсас). Спорттық бағдарламашылар, информатика мұғалімдері және IT саласының басқа да мамандары осы контесттерге авторлық есептер ұсына алады және егер олардың есебі таңдалса, сыйақы алады.

Кімдер үшін:
  • Білім беру мекемелерінің қызметкерлері (жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, информатика мұғалімдері) және IT мамандықтары бойынша оқитын студенттер.
  • Спорттық бағдарламалаумен айналысатын мектеп оқушылары.
  • Спорттық бағдарламалауда тәжірибесі бар бағдарламашылар.

Бұл жобаның дамуы республикалық олимпиадаларда авторлық есептердің санын арттырады, соның нәтижесінде тапсырмалар сапасы жақсарады. Бұл өз кезегінде қатысушылардың стандартты емес есептерді шешу қабілетін дамытады. Сонымен қатар, бұл бастама бір типті есептердің санын азайтады.

Спорттық бағдарламалау федерациясы